ҚЫРЫҚТАҒЫ БАТЫР АНА 11-ШІ БАЛАСЫН БОСАНДЫ

Биыл  20 қыркүйекте №1 облыстық перинаталдық орталықта 40 жастағы батыр ана  дәрігерлердің көмегімен отасыз 11-ші  баласын  өмірге әкелді. Орталықтағы дәрігерлер, ана мен баланың жағдайы жақсы екенін айтады. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Медицина мамандарының мәлімдеуінше, сарыағаштық Айнагүл 11-перзентін де отасыз өзі босанған. 40 жастағы әйелдер арасында мұндай жағдай сирек кездеседі дейді дәрігерлер.

Айнагүлдің отбасында  5 ұлы мен 5 қызы күтіп отыр. Үлкені – 21жаста. 11-ші перзентін  келіншек Мұстафа  деп атапты.

Айнагүлдің жолдасы – Сарыағаш ауданына қарасты Нұрлы жол ауылында бас имам. Келіншектің өзі бала күтіміне байланыста үйде.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған