МАТЕМАТИКАНЫҢ АДАМ ӨМІРІНДЕГІ МАҢЫЗЫ МЕН ҒЫЛЫМДАҒЫ РӨЛІ

Математика ғылымы – қоғамдағы объекті мен субъектіге тікелей байланысты.  Ол лингвистиканы былай қойғанда, адамзаттың білімдегі жетістіктерінің айғағы. Себебі, математикасыз біз өмір сүре алмас едік. Біз бұл жолда математиканың қасиетін  тану арқылы  өмірдегі модельдердің қыр – сырын біле алатын едік. Бұдан  метаматика ғылымының барлық ғылымдардың тілі ретінде  қарастырады аламыз деген нәтиже шығады.

Математика – әлеуметіміздегі ерекше құбылыс. Физика, биология, химия, тарих, музыка, қазақ әдебиеті барлық салаларда математика құбылысы жүретіндігі анық. Мәселен, физикада шамаларды өлшейтін бірліктер, биологиядағы құстардың 20 түрі, балықтардың 35000 түрі деген тәрізді сандық көрсеткіштер, химиядағы элемент ішіндегі қосылыстар, тарихтағы оқиғалардың қай жылы, яки хандардың қанша жаста таққа отырып, соғысқа қанша адам қатысқандығы, әдебиетіміздегі ақын – жазушылардың қай жылдары дүниеге келіп, дүние салғандығы т.б. дүниелердің барлығы да математиканың көмегімен ғана бізге түсінікті болуда. Аңғарып қарасақ, бұл цифрлардың түгелі адамдар өмірінде алып жатыр. Тіпті, бұл ретте, адам баласының мүшел жасқа толуы, сүннеттелуі, жеке мүбәрәк туған күні, дүниеден өтуі, мерей тойы, белгілі бір жаста үйленуі осы тектес құбылыстар да цифрлармен тікелей байланысты. Тек ол ғана емес, кез келген жеке тұлғаны алып қарасақ, оған 1971 жылы, желтоқсан айының 26 – сы күні туылды деп  сипаттама берудің өзі сандардың көмегімен жүзеге асатын процесс екен.

Математиканы қандай да бір құбылысқа енгізсек, бізге түсінікті болары хақ. Демек,  математика ғылымы адамның таным түсінігімен тікелей байланысты. Сөзімізді дәлелдеу үшін бір адам сауда жасау кезінде бір келі мандарин алып, сатушыға бес жүз теңге берді, ал сатушы сатып алушыға екі жүз теңге қайтарды деген  ситуациялық оқиғаны алайық. Егер де бұл мысалдағы бір, бес жүз, екі жүз деген сандар ( сипаттама) мағынасындағы сөздерді алып тастайтын болсақ, ол бізге мүлдем түсініксіз болатын еді. Бұл тұрғыда, математика бізге нақтылықты үйретеді, математикасыз деп қоғам болмайды. 

Математика мен адам өміріндегі мамандықты байланыстырар болсақ, мәселен инженер, құрылысшы, дәрігер тәрізді маман иелерін алайық. Инженер өз сызбасын  өмірде жүзеге асыру үшін  сызбада көрсетілген ғимараттарға белгілі бір өлшемді береді. Құрылысшылар да дәл солай. Ғимараттың қабырғасын тұрғызу мақсатында әк, там, құм деген элементтерді өлшеп салады, дәрігерлер адамдарға екпе егу кезінде 5млл, 2млл, яки 10 таблетка деп өлшеу арқылы өз жұмысын жасайды. Осы орайда, байқайтынымыз математика ғылымы адамдармен де  тіршілік иелерінің өмірімен де тығыз байланысты. Неге жарытылыс иелері? Тек адам баласы ғана емес, жан – жануарларда математикалық өлшемдерді өз беттерінше шамалар, тағам тұтынады. Мәселен, бір келі шөпті сиырдың жеуі, бес литр суды жылқының ішуі,  екі жүз грамм сабанды қойдың жеуі, т.б. Бұдан математика ғылымының масштабы пен көлемді көрсететін өлшеу құралы ретінде өз өмірімізде пайдалана атынымызды аңғарамыз.

Математика ғылымы адамзат баласының интелектуалдық қабілетін дамытатын сала. Мысалы:

Талдай білу қабілеті. Болған оқиға мен алдағы уақытта болатын оқиғалардың қай мезгілде, сағат қаншада екенін талдай білу;

Жалпылай қарастыру қабілеті. Белгілі бір бірнеше уақыт арасында болған оқиғаларды рет – ретімен құрастыра отырып, жалпылай қараста білу;

Заңдылықтарды анықтау.  Мәселен, ауа райының алайық. Онда адамдар табиғат заңдылықтарын зерттей отырып, сағат қаншада, яки азанда, кешке жаңбыр жауып, күн суытатынын білуі;

Тез ойланып, шешім қабылдай алу қабілеті;

 Жоспарлай білу қабілеті. Бұл да заңдылықтарды анықтау қабілеті тәрізді процесс.

Абракты ойластыра алу қабілеті.

Міне, бұл дегеніміз математикада есеп шығармай-ақ, оны түсіну арқылы өзіміздің логикамызды дамыту екен.

Тарих сахнасындағы халқымыздың ежелден киіз үйде тұруы да математиканың адам өміріндегі маңызы бар ғылым екенін аңғартады. Математика бойынша қарастырсақ, киіз үздік үш бөліктен тұруы, уықтарының бірізділікті сақтап, бөліктерге бөлінуі, шаңырақтағы түрлі фигуралар, оюларымыздың бір реттілікпен салынуы,  сондай – ақ, түрлі көркемдеуші фигуралардың киіз үйдің көлеміне, киіз үйдің көлеміне түрлі оюларға дәл салынуы – ата – бабамыздың  математикамен бірге өмір сүргендігін көрсетеді. Ерте замандағы алғашқы қауымның төртбұрышты сабаннан жасалған, үшбұрышты, сфера тәрізді үңгір үйлері де математика заңдылығы бойынша салынған.  

Шынында да, ойланып қарайтын болсақ, ата – бабамыздың киіз үйі мен алғашқы қауымның қоныстарыны – математикадағы ерекше бір құбылыс, ғажап, даналықтың нақ өзі!  Өйткені ол заманда «Математика» сөзінің болмауы, алайда ол нәрсенің еш оқусыз, оқу орнындарындағы берілетін білімсіз ата – бабамыздың санасында болуы – үлкен бір ғылымға бағытталған керемет дүние.

Математика ғылымы  өркениетіміздің  дамуына үлкен үлесін тигізетіні ақиқат. Ақылды, парасатты адамдар жаңа технологиялар түрін тауып, қоғамымызды жақсартады. Ал бұл дүниелердің барлығы болу үшін математиканың қыр – сырын білуіміз  маңызды екен. Кешегі қазақтан шыққан әлемнің екінші ұстазы Әбу Насыр Әл-Фараби бұл құбылысты мойындап, математика туралы көп зерттеді. Ал ғалым Вейерштрасс «Математик – жазушы  болмаса, белгілі бір жетістікке жете алмайды»  дейді осындайды. Неге  десеңіз? Себебі,  ақын да өз  өлеңін жазуда белгілі бір өлшем құрап, соған буын мен бунақты, шумақ пен тармақты сәйкестендірмесе, ол өлең  емес, құр әңгіме болып қалатындығы шындық.

Сөзімізді қорытындылай келе, математика – өміріміздің негізі. Математикасыз өмір сүру еш қоғамда болмаған құбылыс.  Өркениетіміздің  маңызды  бір  бөлігі математика болып табылғандықтан,  математика заңдарын білу әр жеке тұлға үшін маңызды деп ойлаймын!

Жетәлі Гүлзат Ғабитқызы

Жетәлі Гүлзат Ғабитқызы
педагогика ғылымдарының магистрі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған