Түркістанның «Тұран» командасының 2013 жылы туған шәкірттері Хорватияның Сплит қаласында өткен «Dalmatinko Cup» халықаралық жарысына қатысты.

«А» тобында ойнаған Жасұлан Елеусіз шәкірттері алғашқы матчта «Ядранмен» кездесіп, 3:0 есебімен жеңді. Екінші ойында «Талент» командасына есе жіберсе (1:2), үшінші кездесуде Солтүстік Македонияның «Студеничан» балаларын 2:0 есебімен ұтты.Сөйтіп топтан алты ұпай жинап, 1/8 финалға жолдама алды. Бірақ тартысты матчта атақты «Загребтің» өрендеріне жол беріп (0:1), жарысты аяқтады. Дегенмен түркістандық жеткіншектер, қаракөз балалар Балқан түбегінде жігерлі екендерін аңғартты.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі