МАҚТААРАЛҒА ӨЗБЕКСТАННАН КӨМЕК КЕЛДІ

Өзбекстаннан Мақтаарал ауданына 100-ге жуық арнайы техника мен 200-ден астам маман келді. Техникалардың арасында өрт сөндіруші көліктер, экскаваторлар, тракторлар, сусорғыш және жүк көліктері, тұрғындарды тасымалдайтын автобустар бар. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Көрші елден келген жасақ жайылған суды сору, арналарды бұру, бөгет салу жұмыстарын жүргізбек. Сондай-ақ, су астында қалып, зақымданған тұрғын үйлердің құрылысына да атсалысады. Көмекші топ алдағы уақытта тағы да жұмыс күші мен құрылыс материалдары келетінін жеткізді.

Айта кетейік, бұл шаралар Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің арнайы тапсырмасымен жүзеге асырылуда.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған