ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ – ӨЗ ҚАУІПСІЗДІГІҢ!

Арыс ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің және №7 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері, Арыс қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қызметкерлері мен ерікті жастары, «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нің тұрғын секторының бас маман-инспектор міндетін уақытша атқарушы Жабақ Қайырханмен бірлесе отырып, «Тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау» бойынша қала тұрғындарының үй иелеріне барып, арнайы түсіндірме жұмыстарын жүргізе отырып, ескертпе парақшаларын таратты.

Арыс ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі қала тұрғындарына өрт туындау қауіпін болдырмау үшін төменде көрсетілген өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ескертеді:

– Жылыту маусымына дайындық алдында пешті жөндеңіз,мұржаны күйеден кемінде айыны бір рет кем емес тазалаңыз.

– Үйден шығарда кемінде 2 сағат бұрын от жағуды тоқтатыңыз.

– Пешті тез тұтанатын сұйықтықтармен жағуға жол бермеңіз.

– Дайындалып жатқан асты пеште қараусыз қалдырмаңыз.

– Қатты отындағы пештің от жағатын есігінің астындағы жанғыш материалдардан жасалған аймақты жиі қадағалап тұрыңыз!

Өрт қауіпі туындаған жағдайда «101» немесе «112» телефондары арқылы өртке қарсы қызметке хабарласыңыз.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған