ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ БАҚ ӨКІЛДЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

  • 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні

Облыс прокуроры Мұрат Тлеубердиев журналистерді прокуратураға шақырып, оларды кәсіби мерекесімен құттықтады. Бүгінгі таңда БАҚ өкілдерінің көмегімен прокуратура органдарының жұмыс нәтижелері дер кезінде жарияланып, соның арқасында тұрғындардың пікірі қалыптасатынын облыс прокуроры атап өтті.

Облыс прокуроры журналистерге өзара байланыс үшін алғыс айтып, осы бағытта бірлескен жұмыстарды жалғастыруға тілегін білдіріп, шығармашылық биіктерді бағындыруды және кәсіби жұмыстарына сәттілік тіледі. 

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ БАҚ ӨКІЛДЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

«Айғақ Телерадиокомпания» ЖШС-нің бас директоры Әбіш Дулат Назарбекұлы, «Түркістан» медиа-холдингінің бас директоры Ағыбаев Жанахмет Жәнібекұлы,  «24 Хабар» каналының тілшісі Жұмабек Жандос Сәдірмекұлы, «Qazaqstan» ұлттық арнасының тілшісі Ақбаева Айнұр Әбілқасымқызы, «Оңтүстік Қазақстан облыстық қоғамдық-саяси газеті, Заң және Заман бөлімі» тілшісі  Ерман Бауыржан Мейірханұлы және ақпараттық агенттіктердің тілшілері Әуесбеков Сәбит Тастанбекұлы, Нұрымбет Шолпан Уәлиханқызы, Утемисова Нурсулу Бозорбоевна, Тұманбаев Нұржігіт Бегайдарұлы бағалы сыйлықтармен және облыс прокурорының алғыс хаттарымен марапатталды.

Түркістан облысының прокуратурасы баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған