ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА СУҒА КЕТКЕН ШЕТЕЛДІК СТУДЕНТТЕР ІЗДЕСТІРІЛУДЕ

Түркістан облысы ТЖД құтқарушылары екі шетелдік студентті іздеу жұмыстарын жүргізуде. Бұл туралы Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

2022 жылғы 26 маусым күні сағат 20.10-да Түркістан облысы ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметінің пультіне сағат 16.49-да Төле би ауданының Ханарық ауылынан 5 шақырым жерде орналасқан Ақсу шатқалындағы Ақсу өзенінде 2001 жылы туған 2 студенттің белгісіз жағдайда суға түсіп, батып кеткені туралы ақпарат түскен болатын.

21 студенттен құралған топ Шымкент қаласынан келген екен. Барлығы Үндістан Республикасының азаматтары, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының студенттері.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына Түркістан облысы ТЖД 19 қызметкер, 1 жүзу құралы және 4 техника,  Полиция департаментінен 10 қызметкер және 5 техникасы жұмылдырылды.

Түркістан облысы ТЖД судағы қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған