ТҮРКІСТАНДА «ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ВОЛОНТЕРЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫ» ЖОБАСЫ БАСТАЛДЫ

Түркістан қаласында облыстық қаржылық мониторинг агенттігінің бастамасымен «Экономикалық тергеп-тексеру қызметінің волонтерлік қозғалысы» жобасы қолға алынды. Жобаның мақсаты – қаржылық сауаттылықты арттыру және лудоманияға (құмар ойын) қарсы иммунитет қалыптастыру. Бұл жайында «Ақжайық» музыкалық мектебінде өткен дөңгелек үстел барысында облыстық экономикалық тергеп-тексеру депортаментінің басшысы Ерболат Балғабаев айтты.

ТҮРКІСТАНДА «ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ВОЛОНТЕРЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫ» ЖОБАСЫ БАСТАЛДЫ

-Қаржылық пирамидалар мен лудомания – дәл қазір шешімін табуы тиіс мәселе. Осы орайда біздің тараптан бастама болып отырған волонтерлік топтың қызметі ерекше болмақ. Бұл еліміздегі осы бағыттағы ең алғашқы қозғалыс болғалы тұр. Сондықтан да белсенді жастарға үміт артып, үдеден шығады деп сенім білдіремін, – деді департамент басшысы Ерболат Темірболатұлы.
Еріктілерді іріктеу 3 кезеңнен тұрмақ. Алғашқы кезеңде үміткерлер IQ тест тапсырып, екінші кезеңде эссе жазады. Соңғы кезеңде волонтер болуға үміткерлер өздері жайлы бейнеролик әзірлеуі тиіс. Осы сынақтардан сүрінбей өткендер ғана волонтерлар клубының мүшесі болып танылмақ. Берері мол жобаға арналған дөңгелек үстелге облыстағы барлық жастар орталықтарының басшылары қатысты.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған