ТҮРКІСТАНДА «АМАНАТ – АРДЫҢ АЙНАСЫ» АТТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Бүгін Түркістан жоғары көпсалалы қолөнер колледжінде Түркістан облыстық Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің Ауғанстан соғысы ардагерлеріне жолдаған Аманат хатына 1 жыл толуына орай «Аманат – ардың айнасы» атты кездесу өтті.

ТҮРКІСТАНДА «АМАНАТ - АРДЫҢ АЙНАСЫ» АТТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Жиынды «Түркістан қаласы Ауған соғысы ардагерлері кеңесі» қоғамдық бірлестігі мен «Түркістан облысы Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектер кеңесі» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.

ТҮРКІСТАНДА «АМАНАТ - АРДЫҢ АЙНАСЫ» АТТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Кездесуге Түркістан облыстық ақсақалдар алқасының мүшесі, Түркістан қалалық қоғамдық келісім кеңесі төрағасының орынбасары Сәбит Шәріпбеков, «Түркістан қалалық Ақсақалдар алқасы төрағасының орынбасары Құрбан Сүлейменов қатысып, ел берлігі, патриоттық тәрбие жайында пікірлерін білдірді. Сонымен қатар, Түркістан облысы Қорғаныс істер жөніндегі Департаменті бастығының орынбасары, полковник Жандос Күлдербаев, «Түркістан облысы Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тұрғанбек Бегимов ізгі лебіздерін жеткізді.

Жиында патриоттық әндер шырқалып, бейнероликтер көрсетілді. Сонымен қатар, Ұлы Отан соғысындағы ерлік жолы, бұл ретте жеңіске жету үшін, халқымыз үлкен қиындықтардан өткендігі жайында тарихи ақпараттар берілді.

Аталған соғыс 4 жылға созылып, Кеңес Одағында өмір сүрген әрбір төртінші адам көз жұмған. Қиын заманда, КСРО халықтары бірігіп, жауға тойтарыс бере алған. Жылдан-жылға Ұлы Отан соғысына қатысқандардың саны азайып келеді.

Сондай-ақ Қазақстаннан Ауған соғысына 22 000 адам қатысып, олардың 761-і қаза тауып, 21 адам хабарсыз кеткен. Қазіргі таңда Қазақ елінде 16 000-ға жуық ауған ардагері бар. Бүгінде олардың 3000-ға жуығы мүгедектер қатарында.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған