СОЗАҚТА КӨРКЕЙТУ, КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Аудан аумағын көркейтіп, қоршаған ортаны тұрмыстық қалдықтардан тазарту, жол бойындағы кәсіпкерлік нысандар мен үйлердің қасбеттерін ретке келтіру, халық игілігі үшін берілген балалар ойын алаңшалары мен әлеуметтік нысандарды күтіп ұстау мақсатында тиісті жұмыстар жалғасып жатыр.

СОЗАҚТА КӨРКЕЙТУ, КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Бұл жөнінде аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков атқарылуы тиіс жұмыстарды жан-жақты саралап, барлық ауыл, кент округ әкімдеріне тазалық жұмыстарын қарқынды іске асыру мақсатында нақты тапсырмалар жүктеген болатын.Бүгінде Жартытөбе ауылы мен Аққолтық, Бабата елдімекендерінде бұл бағыттағы жұмыстар қарқын алды. Онда бірнеше көшелері қоқыстардан тазартылып, жол бойында орналасқан бірқатар нысандардың қасбеттері мен қоршаулары қалыпқа келтірілді. Жартытөбе ауыл округінде бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасып, ішкі көшелердің барлығына кезең-кезеңімен жүргізіледі.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған