СОЗАҚТА ЕҢ ЖАС САЙЛАУШЫ АЛҒАШ РЕТ ДАУЫС БЕРДІ

Сызған ауылының ең жас сайлаушысы Ұлболсын Тұрғын №701 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады.

-Бүгін – әрбір аудан тұрғыны үшін маңызды саяси күн. Өйткені, ауданымызды алға жетелейтін басшыны өзіміз таңдаймыз. Елдің сенімінен, көптің көңілінен шығатын азаматқа дауыс беруге шақырамын. Саяси науқанда белсенділік танытып өз таңдауымызды жасайық, – дейді жас сайлаушы.

Тұрғын Ұлболсынға жас сайлаушы ретінде арнайы сыйлықтар табыс етілді.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған