Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков аудан орталығында «Жайлы мектеп» жобасы аясында бой көтеріп жатқан Ы.Алтынсарин атындағы 900 орынға арналған мектептің құрылыс жұмыстарымен танысты.
Одан бөлек, заманауи үлгідегі 200 орындық «Спорттық-сауықтыру» кешенінің құрылысын аралап, мердігер мекеме өкілдерімен кездесті. Өндірістік кестеге сәйкес жұмысты жүйелі түрде жүргізіп, сапасына мән беру керектігін айтты.
![СОЗАҚТА 900 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР](https://mixnews.kz/wp-content/uploads/2023/11/2-75.jpg)
Сонымен қатар, «Жасыл белдеу» аймағындағы тал көшеттерінің жай-күйін бақылап, тиісті мамандарға күтіп-баптау жұмыстарын тапсырды. Бұдан бөлек, алдағы уақытта «Жасыл белдеу» аумағын арттыру және Шолаққорған ауылынан Түркістан бағытына көше жарықшамдарын орнату бойынша нақты тапсырмалар жүктелді. Сондай-ақ, Шолаққорған ауылынан Таукент бағытында салынып жатқан көпірдің құрылыс барысы бақылауға алынды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі