«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ МҰРАТЫ» ИДЕЯЛАР БАЙҚАУЫНЫҢ ЕРЕЖЕСІ

1. Байқаудың міндеті мен мақсаты

  • Байқау арқылы Түркістан облысының тұрғындары арасында жастар мен орта буын өкілдер арасында  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы №724 қаулысымен бекітілген «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасының  халық арасында жүзеге асуына ықпал ету, талдау, талқылау, насихаттау;
  • Ұлттық жобаның бағыттары бойынша міндеттемелерді орындауға халықтың арасында ықпал ету;
  • Жас буын мен орта буын өкілдерінің арасында байланыс орнату;
  • Рухани жаңғыру арқылы рухы биік қазақ халқының салт-дәстүрлері мен ғұрыптарын сақтап отыра қоғамдық өмірге белсене араласуға азаматтарды көптеп тарту;
  • Креативті идеялары бар облыс азаматтарын қолдау, тиісінше маңызды жобаларды облыс тұрғындарының әлеуметтік статусын жоғарлату мақсатында қолдану, оларды іске асыру үшін тиісті сала өкілдеріне жолдау.
  •  

2. Байқаудың ұйымдастырушылары мен қазылар алқасы

«Рухани жаңғыру-ұлттың ұлы мұраты» атты идеялар байқауы – Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасының тапсырысы негізінде «Шаңырақ» жастар мен жас отбасыларды қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өтеді. Сондай-ақ байқау қатысушыларының жұмыстарын сараптау және жеңімпаздарын анықтау арнайы бектілген комиссия арқылы шешіліп хаттамасы жасалатын болады.

3. Байқаудың кезеңдері

Байқау негізінен 3 кезеңнен тұрады. Олар

1-кезең: Өтінімдерді қабылдау кезеңі 20тамыз-15 қазан аралығы

Өтінімдер  shanyrak.ideya.06@mail.ru  электронды поштасы арықылы онлайн  жиналады, power Point немесе PDF форматта жасалған презентациясы және Word.та жазылған  қысқаша жоба аннотациясы болуы керек.

2-кезең: Іріктеу кезеңі. 15-20 қазан аралығы

Пошта арқылы жиналған материалдар шығарылып арнайы комиссияға ұсынылады, комиссия отырысынан қаралып

  • Идеяның маңыздылығы
  • Идеяның мазмұндылығы
  • Идеяның өзектілігі
  • Өңірге ерекшелігіне сәйкестігі
  • Идеяның жаңашылдығы сияқты критерийлері ескеріліп, іріктелген жұмыстар жеңімпаз деп танылады.

3-кезең: Салтанатты марапаттау рәсімі 20-қазанда Түркістан қаласы, «Ұлы дала елі» орталығында  өтеді.

4. Байқаудың тақырыптық бағыттары

Рухани жаңғыру-ұлттың ұлы мұраты» атты идеялар байқауына кез-келген қатысушы төмендегі бағыттар аясында тақырып қойып жасай алады.

  1. Қазақстандық бірегейлік пен зияткерлік әлеуетті
  2. Тілді дамыту
  3. Мәдениет саласында көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру
  4. Отандық мәдени өнімді танымал ету
  5. Жастар үшін жаңа мүмкіндіктерді дамыту.
  6. NEET санатындағы жастарды әлеуметтендіру
  7.  Жастарды қоғамдық пайдалы қызметке тарту

                             5. Байқаудың жүлде қоры

Байқаудың үздік 50 қатысушысы Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасының алғыс хаты және кәде сыймен марапатталады. Ал қаржылай сыйақы -1 850 000 теңге қарастырылған.

6. Байқау қатысушылары

«Рухани жаңғыру-ұлттың ұлы мұраты» атты идеялар байқауына Түркістан облысының 14 жастан-60 жасқа дейінгі кез-келген Түркістан облысынң азаматы қатыса алады.

7. Байланыс ақпараттар

«Шаңырақ» жастар мен жас отбасыларды қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігі басшысы Сабира Байзахова 8-702-509-00-43 және 8-707-009-31-58 телефондары арқылы байланысуға болады. Байқау ережесі туралы ақпаратты ақпарттық парақшадағы QR кодты сканерлеу арқылы толық біле аласыздар.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған