ОРДАБАСЫЛЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР ЕЛДІҢ КЕМЕЛ КЕЛЕШЕГІ ҮШІН ДАУЫС БЕРІП, АЗАМАТТЫҚ МІНДЕТТЕРІН ОРЫНДАП ЖАТЫР

Бүгін, яғни саяси маңызды күнде Ордабасы аудандық полиция бөлімінің жеке құрам қызметкерлерімен бірге қоғамдық қауіпсіздікті қадағалап, қызмет етумен қатар ел ертеңінің жарқын болашағы үшін жауапкершілікті сезініп, дауыс беріп жатыр.

ОРДАБАСЫЛЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР ЕЛДІҢ КЕМЕЛ КЕЛЕШЕГІ ҮШІН ДАУЫС БЕРІП, АЗАМАТТЫҚ МІНДЕТТЕРІН ОРЫНДАП ЖАТЫР

Кезектен тыс депутаттық сайлауға қатысып, дауыс беру әр адамның борышы, деген құқық қорғау саласының қызметкерлері халық пен билік арасындағы алтын көпір саналатын халық қалаулылары, еліміздің өсіп-өркендеуі жолында, Жаңа Қазақстанды құру жолында ерінбей еңбек етеді деген сенімде.

Себебі, елін-жерін ойлайтын әрбір азамат, мемлекетіміздің баянды болашағына бей-жай қарамауы керек. Өзгерісті өзімізден бастап, бір мүдде, бір мақсат төңірегінде бірлігімізді, ынтымағымызды көрсетіп, еліміздің жарқын болашағы үшін дауыс берейік дейді тәртіп сақшылары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған