НҰРЛАН ӘБДІРОВ СОЗАҚ АУДАНЫНА БАРДЫ

ҚР Орталық Сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров іс-сапармен Созақ ауданына барды. Сапар барысында 5-қарашада пилоттық режимде өтетін аудан әкімін сайлауға байланысты кездесулер өтті. Нұрлан Мәжитұлы әуелі сайлауды өткізу бойынша АСК мүшелері, құқық қорғау органдары өкілдерімен кеңес өткізді.

  • Бүгінгі таңда барлық кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталды. Біздің келгендегі мақсатымыз – аудандардың алдағы сайлауға дайындығын бақылау, учаскелердің жарақтандырылуын, сайлау өткенде заңдылықтардың қатаң сақталуын мүдтіксіз қамтамасыз ету,- деді Нұрлан Мәжитұлы.
НҰРЛАН ӘБДІРОВ СОЗАҚ АУДАНЫНА БАРДЫ

Төраға одан соң Созақ ауданының жастарымен жүздесті. Онда соңғы жылдары елімізде жүргізілген саяси реформалар туралы кеңінен баяндады. Жастармен пікір алмасып, сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ Жартытөбе ауылына ат басын бұрып, тұрғындармен кездесті. Елді мекендегі сайлау учаскесінің дайындығымен танысты.

Айта кетейік, биыл 5-қарашада тұңғыш рет аудан әкімдерінің сайлауы өтеді. Түркістан облысында Созақ, Бәйдібек, Мақтаарал, Шардара аудандарының тұрғындары өз таңдауын жасайды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған