«ЖОЛДА ҚАБЫЛДАУ» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛЕДІ

💠 Құрметті облыс тұрғындары, Сіздерге 2023 жылдың 14-15 шілде күндері кезекті «Жолда қабылдау» акциясы өткізілетінін хабарлаймыз.


Аталмыш акцияның мақсаты-жергілікті тұрғындарға заң аясында көмек көрсету, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру, қоғам мен билік арасындағы байланысты кеңейту, жол көлік оқиғаларының алдын алу, көші-қон заңнамасын сақтау, азаматтардың полицияға деген сенімін арттыру. Оған қоса тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша Заңға енгізілген өзгерістер жайлы да сауалдарыңызға нақты жауап ала аласыздар.
🔷Акция Түркістан облысының барлық аудандарындағы Халыққа қызмет көрсету орталығында өтеді. Ал Түркістан қаласы бойынша «Керуен сарай» кешенінде ұйымдастырылады.
Уақыты: 14-15 шілде күндері сағат таңғы 09:00-ден кешкі 19:00-ге дейін.


✅Ендеше өздеріңізге берілген мүмкіндікті пайдаланып, полицияға қатысты сауалдарыңыз, ұсыныс-пікірлеріңіз болса акцияға белсенділікпен қатысыңыздар!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған