АРЫСТА АЗЫҚ-ТҮЛІК ДҮКЕНІНДЕ ӘЛЕУМЕТТІК БҰРЫШ АШЫЛДЫ

Арыс қаласының орталығында орналасқан «Ақниет» дүкенінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлікті нарықтағыдан төмен бағада саудалайтын әлеуметтік бұрыш ашылды. Қазіргі таңда, тағы бірнеше дүкенде осындай әлеуметтік бұрыш ашу жоспарлануда.
Азық-түлік бағасын тұрақтандыруда маңызы зор жоба туралы қала әкімдігі мамандары аталған дүкен иесіне ұсыныс айтқан. Нәтижесінде, кәсіпкер мен «TURKISTAN» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арасында келісімшарт жасалынып, мұнда бірнеше азық-түлік өнімдері нарықтағы бағадан 15-20 пайыз төмен бағада сатылуда.
Мәселен, елу килолық 1 сортты ұнның қабы – 10000 теңге, макарон өнімдері – 300 теңге, картоп – 110 теңге, шекер 380 теңгеден сатылуда. Кәсіпкер жоғарыда аталған корпорация арқылы алдағы уақытта басқа да әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін алып келуді көздеп отыр. Аталған дүкен, Арыс қаласындағы Байжанов көшесінде орналасқан.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған