АРЫЗ-ШАҒЫМДАРМЕН КҮНДЕЛІКТІ ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУ ҚАЖЕТ

«Облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың төрағалығымен өткен жиында облыстық денсаулық сақтау басқармасының өткен жылы атқарған жұмыс қорытындысы қаралды. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша басқарма басшысы Марат Жұманқұлов баяндама жасады» Жамбыл облысы әкімдігінің ресми сайты.

2018 жылы барлығы 39 нысан пайдалануға берілген. Оның ішінде 29-ы мемлекеттік жекешелік әріптестік аясында, 9-ы жергілікті бюджет есебінен, 1-і сатып алынды. 6 денсаулық сақтау нысаны күрделі жөндеуден өткізілген. Есепті жиында денсаулық саласындағы кадр тапшылығы, жас мамандарды қолдау мәселелері, медициналық қызметтің сапасын арттыру, мекемелердің жүктемелігін реттеу секілді бірқатар мәселелер көтеріліп, талқыланды.

Өткен жылы өңір басшысының қатысуымен өткен кеңесте басқармаға берілген 23 хаттамалық тапсырманың 10-ы орындалмаған. Жеке тұлғалардан 175 арыз-шағым түссе, ол бойынша 28 қызметкер жауапкершілікке тартылып, 2 бас дәрігер жұмысынан босатылған.

Асқар Исабекұлы, көрсеткіштерде бәрі жақсы болғанымен, шын мәніндегі халықтың сұранысын қанағаттандырудың маңыздылығына назар аударды. Тұрғындардың денсаулық саласындағы көрсетілер қызметтің сапасына қатысты базынасына құлақ түріп, өтініштермен нақты жұмыс істеу керектігін баса айтты. Сондай-ақ, скринингтік орталықтардың санын арттыру, арыз-шағымдармен күнделікті жұмыс жүргізу бойынша нақты тапсырмалар берді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған