ТҮРКІСТАНДА АЛЫП ТАЙҚАЗАН ОРНАТЫЛЫП ЖАТЫР

Түркістан қаласының кіреберіс қақпасында алып Тайқазан орнатылып жатыр. Нысанның биіктігі — 10,4 метр. Қаңқасы — металл, ал сырты шыныталшықпен қапталуда. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Сонымен қатар, тайқазанның бетінде түпнұсқасындағы Құран аяттары мен Пайғамбар хадистері, сондай-ақ «Құтты, берекелі болсын» және «Бүкіл жаратылыстың иесі – Алла!» мәтіндері жазылуда.

Бұдан бөлек, аумақта жол инфрақұрылымы ретке келтіріліп, жаяу жүргіншілер жолы, веложолақ, жарықтандыру жүйесі және жол белгілері орнатылуда. Түнгі уақытта нысанды жарықтандыру үшін жарықдиодты прожекторлар қойылып, жол қозғалысы үшін бағыттаушы белгілер қойылады.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды