ШАРУАШЫЛЫҚТЫ КЕҢЕЙТУ МАҚСАТЫНДА ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ АЛУҒА КӨМЕК СҰРАДЫ

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков Азаматтарды қабылдау орталығында кезекті рет тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдады. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қабылдау барысында Сайрам, Сауран, Шардара аудандары мен Түркістан қаласының азаматтары өтініштері мен шағымдарын ортаға салып, облыс әкімі орынбасарының көмегіне жүгінді.

Шардаралық азамат меншігіндегі су арнасына қатысты мәселені көтерді. Саурандықтар шаруашылықты кеңейту мақсатында жеңілдетілген несие алуға көмек сұрады. Жер құжаттарын рәсімдеу бойынша өтініш түсірген азаматтарға қолданыстағы заң талаптары түсіндірілді.

Айта кетейік, Түркістан облысының әкімі мен оның орынбасарлары бекітілген кестеге сәйкес тұрақты түрде жеке қабылдау өткізуде. Жеке қабылдауға «eOtinish» бірыңғай базасы арқылы немесе Азаматтарды қабылдау орталығына келіп, жазылуға болады.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды