ӨНДІРІС ОРНЫНДА ЖЫЛЫНА 50 МИЛЛИОН ДАНА ЖӨРГЕК ӨНДІРІЛУДЕ

Сайрам ауданындағы Ақсу ауылында жылына 60 млн дана дымқыл майлық өндіретін кәсіпорын жұмыс істейді. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

«CAPABLE GROUP мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің дымқыл майлықтар және жөргектер өндіру кәсіпорны 2025 жылы іске қосылған. Өндіріс орны қағаз және санитарлық-гигиеналық өнімдер өндіреді. Қазіргі таңда кәсіпорында 86 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Жобаның жалпы құны — 282 млн теңге. Өнімдер Қырғызстан, Өзбекстан және Ресей елдеріне экспортталады. Айта кетейік, «CAPABLE GROUP мүгедектер қоғамы» елімізде балалар жөргегін өндіретін жалғыз кәсіпорын. Ондағы қызметкерлердің 60 пайызы ерекше күтімді қажет ететін азаматтар. Өндіріс орнында жылына 50 млн дана жөргек өндірілуде.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды