Түркістан облысында зейнет жасына жақындаған азаматтарды жұмыспен қамтуға бағытталған «Күміс жас» жобасы аясында жүйелі жұмыстар жалғасып жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
2023-2025 жылдар аралығында жобаға жолданған азаматтардың ішінен 4688 адам 2026 жылы да қызметін жалғастыруда. Бұл көрсеткіш аталған бағдарламаның тиімділігін айқын көрсетеді.
Ал 2026 жылға белгіленген жоспар бойынша 1100 азаматты жұмыспен қамту көзделген болатын. Бүгінгі таңда бұл жоспар толықтай орындалып отыр.
Аталған жоба еңбек нарығында тәжірибесі мол азаматтарды қолдауға, олардың тұрақты табыс табуына және әлеуметтік белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді.

