Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары және ауылдық округ әкімдері қатысты. Бұл туралы Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Күн тәртібіне сәйкес өңірлік жұмыспен қамту картасы аясында 2026 жылға арналған жоспардың орындалу барысы, Д–Е санатындағы азаматтарды өзектендіру жұмыстары және әлеуметтік қолдау шаралары, сондай-ақ жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің І тоқсанда атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарлары қаралды. Сонымен қатар Майдантал ауылдық округі әкімінің атқарған жұмыстары және 2026 жылға арналған жоспары туралы баяндама тыңдалды.
Жиынды қорытындылаған аудан әкімі атқарылып жатқан жұмыстардың маңыздылығына тоқталып, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.
Аудан әкімі өз сөзінде: «Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, халықты жұмыспен қамту және инфрақұрылымды дамыту бағытындағы жұмыстар тұрақты бақылауда болуы тиіс. Әрбір салада жоспарланған жұмыстар уақытылы әрі сапалы орындалуы қажет», — деп атап өтті.
Мәжіліс қорытындысы бойынша жауапты мекемелерге тиісті тапсырмалар беріліп, олардың орындалуы бақылауға алынды.

