МҰҒАЛІМ-ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ҮЗДІК МАМАНДЫҚ

 Ұстаз-атаңнан да ұлық.

 Мақал

      Халқымыз әу бастан-ақ ұстазды ерекше қадірлеп, дәрежесін биіктетіп қойған. «Ұстаз- атаңнан да ұлық» деген мақал текке айтылмаса керек-ті. Адамзаттың алғашқы ұстазы ана деп білемін. Құрсақта жатқаныңда-ақ саған бар мейірімін төгетін, шыр етіп жарық дүниеге келген соң бар махаббатын беретін, жүре бастағаныңда  айналаңмен таныстыратын, тілің шыға бастағанда ана тіліңнің қайнар бұлағынан сусындататын да анаң – алғашқы ұстазың емес пе?! Әлем әдебиетінде де, қазақ әдебиетінде де ана тақырыбы, ұстаз тақырыбы қозғалмай қалмаған. Балаға өзінде бар рухани дүниені беруші, баланың адами тұрғыдан кемел қалыптасуына зор ықпал ететін де  осы ұстаздар емес пе?! Бала мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап, ұстаздан тәлім-тәрбие, өнеге ала бастайды. Білім нәрімен сусындайды.

      Қазіргі мектеп бағдарламасында күнделікті өзгерістер мен жаңалықтар көптеп енуде. Бұрын ұстаздар оқушыларға дайын білімді ұсынатын болса, қазіргі күнде сыни тұрғыдан ойлана алатын, алған білімін өмірде қолдана алатын оқушыларды қалыптастырудың үстінде  аянбай еңбек етуде. Оқушы-лар дайын білім алуға дағдыланған еді. Одан әрі іздену, өздігінен ары қарай білімін дамыту, салыстыру, пікір алмасу, жеке пікірін білдіру жүзеге аспай қала беретін.  Оқушыда одан әрі ойлану үдерісі жүзеге асырылмайтын. Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы (конструктивті) теориялық оқытуға негізделген тәсіл кең тараған. Бұл оқытудың басты мақсаты –   ойлауды дамыту, яғни оқушы өзінің бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан, ғаламтордан  алған білімдерімен біріктіре отырып, жүзеге асыра алады.

      Қорыта айтқанда,  жаһандану дәуірінде ұлы көштен қалмай, халық болып қалу үшін мұғалімге  артылар жүк пен салмақ та ауырлай түспекші. Қазақ халқы үшін орны ерекше тұлға – Абай  Құнанбаев: «Бала тәрбиесіне ата-анасы, мұғалімі  және құрбы-құрдастарының  ортасы  көбірек  ықпал етеді. Қайсы-сының ықпалы зор болса, баланың мінезі  де солай қалыптасады» деген. Демек, мұғалімге ауыр жүк  артылып  тұрғаны анық.  Олай болса, мен  әріптестерім мен болашақ мұғалім мамандығын таңдаған ұстаздарға  өресі биік, талғамы тамаша, саналы, білімді, қазақ халқына пайдасы тиетін тұлғаларды  қалып-тастыруда  аянбай еңбек етуге шақырамын. Жастар – біздің болашағымыз. Біз аңсаған болашақтың кемел болуына, көркеюіне үлес қосатын дарынды, талантты, тамаша, тәрбиелі білімді жастарды тәрбиелеу – біздердің,  ұстаз-дардың басты міндеті екенін естен шығармауымыз керек. Жаңа Қазақстанды бірге дамытайық!

Омарова Айгул Карабайкызы,

Ыбырай Алтынсарин атындағы ЖББМ,

 Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған