КӘСІПОРЫН ТӘУЛІГІНЕ 2000 КОМПЬЮТЕР ШЫҒАРА АЛАДЫ

Түркістан облысының делегациясы Қытай Халық Республикасына жұмыс сапарымен барып, компьютерлік жабдықтарды құрастыру және сервистік қызметтерді көрсету орталығын ашу мақсатында келіссөздер жүргізді. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Келіссөздер нәтижесінде, өңір делегациясы Uhan Electronics компаниясымен компьютерлік жабдықтарды дамыту және жетілдіру бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Uhan Electronics – әлемнің 135 еліне компьютер жабдықтары мен серверлер экспорттайтын жетекші технологиялық компания. Кәсіпорын тәулігіне 2000 компьютер шығара алатын жоғары өндірістік қуатқа ие.

Бұл ынтымақтастық компьютерлік жабдықтарды дамыту, сервистік орталықтар ашу, кадрларды даярлау және халықаралық серіктестікті нығайту жолындағы маңызды қадам. Бұл бастама Түркістан облысының цифрлық технологиялар саласының әлеуетін арттыруға және аймақтың экономикалық дамуына ықпал етеді.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды