Отбасында және қоғамда орын алатын зорлық-зомбылықтың алдын алу, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру және қауіпті жағдайлардың алдын алу бойынша ақпараттандыру жұмыстарын күшейту мақсатында полиция қызметкерлері бірқатар іс-шараларды атқаруда. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Осы бағытта Қазығұрт аудандық полиция бөлімі Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының инспекторы Ербол Тұрсынбай аудан тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ол тұрмыстық және жалпы қоғамдағы зорлық-зомбылық фактілерін дер кезінде анықтап, алдын алудың маңыздылығын атап өтті.
Сондай-ақ әрбір азаматты зорлық-зомбылыққа жол бермеуге, күресуге және құқық қорғау органдарына жедел хабарлауға шақырды.
«Зорлық-зомбылықсыз қоғам – бұл жай ғана ұран емес, қол жеткізуге болатын нақты мақсат. Әрқайсымыз әрекет етсек, оны бірге орната аламыз», – деді полиция қызметкері.

