ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ КӨРСЕТУ ЕШҚАШАН МӘСЕЛЕНІҢ ШЕШІМІ БОЛА АЛМАЙДЫ

Полиция қызметкерлері Түркістан қаласындағы «Балапан» және №31 балабақшасында отбасындағы зорлық – зомбылықтың алдын алу мақсатында кездесу ұйымдастырды. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында тәртіп сақшылары қатысушыларға отбасылық құндылықтарды қастерлеудің маңызын түсіндіріп, зорлық-зомбылықтың кез келген түріне жол берілмейтінін атап өтті.

Сонымен қатар әйел азаматшаларға өз құқықтары мен заңсыз әрекеттерден қорғану тетіктері туралы ақпарат берді.

— Әрбір отбасының берекесі – өзара сыйластық пен түсіністікте. Зорлық-зомбылық көрсету ешқашан мәселенің шешімі бола алмайды. Біз сіздерге қиындық туған жағдайда полицияға немесе сенім телефондарына жүгінуден қорықпауды айтқымыз келеді, – деді кездесу барысында полиция өкілі.

Мұндай іс-шаралар отбасында бір-біріне құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыруға және отбасы институтын нығайтуға шақырады.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды