Түркістан облысының автожолдарында кезекті тексеріс өтті. Көліктік бақылау инспекциясының мамандары жолаушылар мен жүк тасымалдауға арналған көліктердің жағдайын қадағалады. Мақсат – жол қозғалысы қауіпсіздігін арттырып, жүргізушілердің тәртібін күшейту. Бұл туралы Түркістан облысы бойынша Көліктік бақылау инспекциясының баспасөз қызметі хабарлады.
Рейдке облыстық көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлерімен қатар полиция өкілдері мен жергілікті атқарушы органдардың мамандары да қатысты.
Тексеру барысында автобустар мен маршруттық көліктердің, сондай-ақ жүк көліктерінің техникалық жай-күйі, жүргізушілердің еңбек және демалыс режимі, рұқсат құжаттарының толықтығы назарға алынды.
Мұндай іс-шаралар апаттардың алдын алу және тасымалдау саласындағы заңбұзушылықтарды азайту мақсатында тұрақты түрде өткізіледі.
Рейд кезінде бірқатар заңбұзушылықтар анықталды: жүргізушілердің жол парақтарынсыз жүруі, белгіленген уақыттан артық көлік жүргізуі және артық жүк тасымалдау фактілері тіркелді. Барлық деректер құжатталып, әкімшілік іс қозғалды.

