ЖОЛ ЕРЕЖЕСІНДЕГІ ЖАҢА ӨЗГЕРІСТЕР ТҮСІНДІРІЛДІ

Түркістан облысы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Қанат Ракишевтің төрағалығымен Патрульдік полиция батальонының қызметкерлерімен жиын өтті. Кездесуде 23 қарашадан бастап күшіне енген жол қозғалысы ережелеріндегі өзгерістер таныстырылып, олардың маңызы түсіндірілді. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мамандар жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі, жылдамдық режимін сақтау, маневр жасау тәртібі мен жүргізушілердің жауапкершілігіне қатысты жаңартылған талаптарды атап өтті.

Сонымен бірге патрульдік полицейлердің қызмет барысында жиі кездесетін мәселелері талқыланып, жаңа нормаларды дұрыс қолдану бойынша ұсыныстар айтылды.

Жиын соңында басқарма бастығы қызметкерлерге өзгерістерді қатаң сақтап, жүргізушілер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды