ЖОЛ ЕРЕЖЕЛЕРІН ҚАТАҢ САҚТАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Түркістан облысы көлемінде «Қауіпті жүргізуші» жедел-алдын алу іс-шарасы жүргізілуде. Мақсаты – жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері шара барысында жылдамдықты арттыру, қарсы жолаққа шығу, маневр ережелерін бұзу және мас күйде көлік жүргізу фактілерін анықтады.

Мәселен тәртіп сақшылары Мақтаарал ауданы, Мырзакент кентінде кешкі уақытта күдік тудырған автокөлікті тоқтатып, жүргізушінің масаң күде екенін анықтаған.

Көлік иесіне «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру»  бабы бойынша әкімшілік шара көрілді.

Сонымен қатар «Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы» бойынша 1 жайт тіркелген. Басқа да құқық бұзушылықтар бойынша 45 жайт анықталған. Полиция қызметкерлері барлық жүргізушілерді жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды