Түркістан облысының патрульдік полиция батальоны алдағы күндері өңірде күтілетін қолайсыз ауа райына байланысты жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге сақтық шараларын қатаң сақтау қажеттігін ескертеді. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Синоптиктердің болжамынша, аймақта тұман түсіп, көктайғақ болып, көріну қашықтығы төмендеуі мүмкін.
Осыған орай полиция қызметкерлері:
▪️ жылдамдықты төмендетіп, арақашықтықты сақтау;
▪️ көліктің техникалық жағдайын тексеру;
▪️ қысқы дөңгелектерді пайдалану;
▪️ күрт бұрылыс пен маневр жасамау;
▪️ жаяу жүргіншілердің жолдан өту кезінде барынша абай болуын
ұсынады.
Жол қауіпсіздігі – баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз. Полиция ауа райына байланысты профилактикалық шараларды күшейтетінін хабарлайды.

