ЖИ НЕГІЗІНДЕ ЕГІН, МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУҒА БОЛАДЫ

«AMANAT» партиясы Қазығұрт аудандық филиалы Жігерген және Төлеби бастауыш партия ұйымдарында кездесу өтті. Бұл туралы «AMANAT» партиясы Қазығұрт аудандық филиалының баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесулер Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауын насихаттау және талқылау мақсатына арналды.

Партия мүшелері Жолдаудың басты бағыттарын жан-жақты талқылап, ЖИ (жасанды интеллект) технологияларын енгізудің маңыздылығын атап өтті.

Партия белсенділері Жолдаудың елімізді инновациялық даму жолына түсірудегі шешуші рөлін атап өтіп, келесі мәселелерге ерекше көңіл бөлді: Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру: Халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасы мен жылдамдығын арттыру, бюрократияны азайту. Ауыл шаруашылығын технологияландыру: ЖИ негізінде егін шаруашылығы мен мал шаруашылығының тиімділігін арттыру, цифрлық шешімдерді енгізу. Адами капиталды дамыту: Жастарды жаңа цифрлық мамандықтарға баулу және IT-құзыреттілікті арттыру. Ауыл мен қала арасындағы цифрлық алшақтықты жою: Жоғары жылдамдықты интернетке қолжетімділікті қамтамасыз ету.

Жігерген және Төлеби БПҰ мүшелері Президент Жолдауындағы ауқымды реформаларды толық қолдайтынын және оларды жергілікті жерде іске асыруға атсалысуға дайын екендіктерін білдірді. Біз саналы қоғам мен заманауи мемлекет құру жолында белсенді жұмысты жалғастырамыз!

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды