Түркістан облысы полиция департаментінде Жергілікті Полиция қызметі басқармасының бастығы Ермек Усербаевтың төрағалығымен жедел кеңес өтті. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Шараға жергілікті полиция қызметі басқармасы мен қалалық, аудандық полиция құрылымы бастығының қызмет жөніндегі орынбасарлары мен жергілікті полиция қызметі бөлімшелерінің бастықтары және аға учаскелік полиция инспекторлары қатысты.
Жиын барысында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 826-бабының тәртібімен жекеше ұсынуды енгізу бойынша нұсқаулыққа түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар Жекеше ұсынуларды енгізу кезінде сақталуы тиіс негізгі талаптар да таныстырылды.

