ЖЕРГІЛІКТІ ХАЛЫҚТЫ ТОЛҒАНДЫРАТЫН МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

Қазақстан Халық партиясы Ұйымдастыру бөлімінің басшысы Оразханов Нұрдәулет Амантайұлы, партияның Түркістан облыстық филиал төрағасының орынбасарлары Ахметов Ысқақ Жұмағалиұлы мен Тұрғанбай Темірхан Абдуллаұлы Созақ ауданына жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы Қазақстан Халық партиясының баспасөз қызметі хабарлады.

Сапар барысында партия өкілдері Созақ ауданы өкілдігінің басшылығымен және жергілікті партияластармен Қожанов музейінде кездесу өткізді. Кездесу кезінде партияның алдағы жоспарлары, өңірдегі өзекті мәселелер және оларды бірлесе шешу жолдары талқыланды.

Жиын ашық пікір алмасу форматында өтіп, жергілікті өкілдік басшылығы мен партияластардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Мұндай кездесулер партия жұмысының тиімділігін арттырып, өңірмен байланысын нығайтуға бағытталған.

Сондай-ақ Қазақстан Халық партиясы ҚБ Ұйымдастыру бөлімінің басшысы Оразханов Нұрдәулет Амантайұлы және партияның Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ахметов Ысқақ Жұмағалиұлы Бәйдібек ауданына іссапармен барып, аудандық партия белсенділерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында партияның ұйымдастыру жұмыстарының қазіргі жағдайы, алдағы жоспарлар, сондай-ақ өңірдегі өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселелер жан-жақты талқыланды.

Сонымен қатар аудандық өкілдік төрағасы тарапынан нақты ұсыныстар мен пікірлер айтылып, жергілікті халықты толғандыратын мәселелер көтерілді. Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, тараптар өңірдегі проблемаларды бірлесіп шешу және партия бастамаларын тиімді іске асыру жөнінде ортақ ұстанымға келді.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды