Түркістан қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүйелі түрде профилактикалық іс-шаралар өткізуде. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесу барысында тәртіп сақшылары оқушыларға құқық бұзушылықтың салдары, интернеттегі алаяқтық әрекеттерден қорғану жолдары және күнделікті өмірде қауіпсіз мінез-құлық ережелерін сақтау жөнінде кеңінен түсіндірме берді.
Сонымен қатар, полицейлер әлеуметтік желілерде жеке ақпаратты жариялау мен бейтаныс адамдармен тілдесудің салдары туралы мысалдар келтіріп, киберқауіпсіздіктің негізгі қағидаларын түсіндірді.