ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУҒА ЖАЗЫЛЫП, ТИІСТІ ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕККЕ ЖҮГІНІҢІЗ!

Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі Республика көлемінде 3-4 қазан күндері  «Жолда қабылдау» акциясы өтетінін хабарлады.

Құрметті Түркістан облысының тұрғындары!

Республика көлемінде 3-4 қазан күндері  «Жолда қабылдау» акциясы өтеді.

Акция барысында облыс тұрғындары құқық қорғау органдары өкілдерінен жол-көлік ережелері, әкімшілік құқықбұзушылықтар, көші-қон, жүргізуші куәлігі мен көлік тіркеу мәселелері бойынша тегін кеңес ала алады.

Осы орайда сіз де сұрағыңызды ашық қойып, нақты жауап алыңыз. Жеке қабылдауға жазылып, тиісті құқықтық көмекке жүгініңіз! Қабылдау орындары облыстың барлық аудан, қала орталықтарында ұйымдастырылады.

Қабылдау уақыты: 09:00–18:00 аралығында барлық сұрақтарыңыз бойынша жергілікті полиция бөлімшесіне немесе ресми парақшаларға хабарласа аласыз.

Халық пен полиция арасындағы ашық диалог – әділетті қоғамның кепілі!

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды