«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында колледж студенттеріне арналған танымдық экскурсия ұйымдастырылды. Бұл туралы Облыстық Жастар Орталығы хабарлады.
Іс-шара барысында жастар «Ренеко» құс өсіру шаруашылығының жұмысымен танысты. Экскурсияға Бәйдібек ауданы әкімінің орынбасары Ақбаев Нұрпейіс Оразханұлы қатысып, студенттермен бірге өндіріс орнын аралады.
Қатысушыларға шаруашылықтың қызмет барысын логистика координаторы Нарметов Алимжан, зертхана бөлімінің аға маманы Юрий Герасимов және бригадир Кыркбаев Мурат таныстырды.
Олар студенттерге құс өсірудің технологиялық кезеңдері, жем дайындау, өнім сапасын бақылау және жұмысшы мамандықтарының маңызы туралы жан-жақты ақпарат берді.
Мұндай тәжірибелік экскурсиялар жастардың кәсіби бағдарын айқындап, еңбекке деген қызығушылығын арттырады.

