«ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ САЛАСЫН ДАМЫТУҒА БАСА МӘН БЕРУ МАҢЫЗДЫ»

Қасым-Жомарт Тоқаев AIem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығына барды. Орталық елімізді жасанды интеллектке бағдарланған мемлекетке айналдыру, сондай-ақ қоғамдық және экономикалық өмірінің барлық саласында ақпараттық технологиялардың дамуын қамтамасыз ету мақсатында құрылады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты хабарлады.

– Білім мен инновацияға негізделген экономика құру қажет. Технологиялық және экономикалық тұрғыдан озық ел болу үшін, ең алдымен, адам капиталы, цифрландыру және жасанды интеллект саласын дамытуға баса мән беру маңызды. Қазіргі заманда онсыз болмайды. Себебі қазір күллі әлем жұртшылығы цифрлық әлемде өмір сүріп жатыр деуге болады. Сарапшылардың айтуынша, жасанды интеллект технологиясының тиімділігі жыл өткен сайын арта түспек. Сондықтан алдымызда ауқымды міндеттер тұр. Қазақстан Еуразиядағы аса ірі цифрлық хабқа айналуға тиіс. Цифрлық даму мәселесіне тың, жаңаша көзқараспен қарау қажет, – деді Президент.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды