ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТЫН АРТТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Түркістан қаласындағы №33 жалпы орта мектепте полиция қызметкерлерінің қатысуымен оқушылармен кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, қоғамдағы тәртіп пен қауіпсіздік ережелерін түсіндіру, сондай-ақ оқушыларды жауапкершілік пен еңбексүйгіштікке баулу болды. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында тәртіп сақшылары оқушыларға өз құқықтары мен міндеттері туралы кеңінен түсіндіріп, күнделікті өмірде заң талаптарын сақтаудың маңызын атап өтті. Сонымен қатар киберқауіпсіздік, жол қозғалысы ережелері және бөтен адамдармен қарым-қатынас кезіндегі сақтық шаралары жөнінде нақты мысалдар келтіріп, пайдалы кеңестер берілді.

Шара барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, полиция қызметкерлерінен нақты жауаптар алды. Кездесу ашық диалог түрінде өтіп, жылы әрі достық атмосферада жалғасты. Осындай іс-шаралар жас буынның құқықтық сауатын арттырып қана қоймай, олардың бойында тәртіпке, жауапкершілікке және отансүйгіштікке деген құрмет сезімін қалыптастырады.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды