«ЖАС САҚШЫ» СЫНЫБЫНЫҢ ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРІ СҰХБАТҚА БЕЛСЕНЕ АРАЛАСТЫ

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, қылмыстың, әлімжеттік пен буллингтің, сондай-ақ нашақорлықтың алдын алу мақсатында Арыс ауданындағы С.Қожанов атындағы жалпы орта мектебінің мәжіліс залында кең ауқымды түсіндіру жиыны өткізілді. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Іс-шараға полиция майоры Ж. Ахметов, ішкі істер органдарының ардагері Е. Абенов, сондай-ақ  білім бөлімінің тәрбие ісі жөніндегі әдіскері Ж. Жолдасбекова арнайы шақырылды. Жиында С.Қожанов мектебінің ұстаздары мен оқушылары, оның ішінде «Жас сақшы» сыныбының белсенді тәрбиеленушілері қатысып, құқықтық мәдениетті арттыруға бағытталған сұхбатқа белсене араласты.

Кездесу барысында жасөспірімдердің жауапкершілігін арттыру, заңды құрметтеу, өз іс-әрекетіне саналы көзқарас қалыптастыру және өмірлік маңызды шешімдер қабылдауда дұрыс таңдау жасау тақырыптары кеңінен талқыланды.

Осындай профилактикалық іс-шаралар жас ұрпақтың құқықтық санасын қалыптастырып, тәртіп пен заңдылықты сақтау мәдениетін арттыруға, сондай-ақ қоғамда құқық бұзушылықтың алдын алуға зор ықпал етпек.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды