ЖАҢА ЖЫЛ МЕРЕКЕСІН ҚАУІПСІЗ ҚАРСЫ АЛҒЫҢЫЗ КЕЛСЕ…

2025 жылдың 10 желтоқсанынан 2026 жылдың 5 қаңтарына дейін Созақ ауданы аумағында «Пиротехника» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Іс-шараның мақсаты – заңсыз әрі сапасыз пиротехникалық өнімдердің сатылуын болдырмау және жарақат алу оқиғаларын алдын алу.

Полиция қызметкерлері пиротехникалық бұйымдарды сататын нүктелерге рейдтер ұйымдастырып, талаптарға сай емес өнімдерді анықтау жұмыстарын жүргізуде.

Сонымен қатар, бөлшек сауда орындары мен дүкендерде ескерту-профилактикалық жұмыстарын жүргізіп, сатушыларға қауіпсіздік талаптары мен заң талаптарын сақтау қажеттігі түсіндірілді.

Тұрғындарға ескерту:

— Пиротехникалық өнімдерді тек рұқсат етілген сауда орындарынан сатып алыңыз.

— Қолданар алдында нұсқаулығын мұқият оқып шығыңыз.

— Балалардың пиротехниканы өздігінен қолдануына жол бермеңіз.

— Шығу тегі белгісіз, қолдан жасалған өнімдерді сатып алмаңыз.

Жаңа жыл мерекесі қауіпсіз өтуі үшін барлық азаматтарды қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды