Кентау жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінде Қазақстан Халық партиясының Кентау қаласындағы бастауыш партия ұйымы құрамына енген жаңа мүшелерге салтанатты түрде партиялық билеттер табысталды. Іс-шара Қазақстан Халық партиясы Түркістан облыстық филиалының ұйымдастыруымен өтті. Бұл туралы Бұл туралы «Қазақстан Халық партиясы» қоғамдық бірлестігі Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі хабарлады.
Іс-шараға «Қазақстан Халық партиясы» қоғамдық бірлестігі Орталық аппараты ұйымдастыру бөлімінің басшысы Оразханов Нұрдаулет Амантайұлы арнайы қатысып, партия мүшелеріне билеттер табыстап, оларды құттықтады. Сондай-ақ, партияның қызметі, алдағы жоспарлары мен қол жеткізілген жетістіктері туралы кеңінен баяндады.
Қазақстан Халық партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Қамбарова Зухра Медеуқызы партия қатарына енген азаматтарға сәттілік тілеп, олардың белсенділігі партия жұмысына тың серпін беретініне сенім білдірді.
Колледж құрылтайшысы Қазақстан Халық партиясы мүшесі Рахмет Үсенбек Рахметұлы құттықтау сөз сөйлеп, жастарды қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласуға шақырды.
Сонымен қатар, Қазақстан Халық партиясы өкілдері колледж ұжымымен және студент жастармен кездесу өткізіп, партияның бастамалары, жастар саясаты мен әлеуметтік мәселелер бойынша ашық пікір алмасты.
Бұл шара жастардың саяси белсенділігін арттырып, азаматтық жауапкершілік сезімін нығайтуды көздейді.