Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары!
2026 жылғы 3 наурыз күні сағат 10:00-де бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
Өтетін орны – Абай аудандық Мансап орталығы (Арғынбеков көшесі, 243/3).
Жәрмеңкеде 20-дан астам жұмыс беруші өздеріндегі бос жұмыс орындарын ұсынады.
Баршаңызды жәрмеңкеге қатысып, ұсынылған бос орындармен танысуға шақырамыз.

