Бүгін Сауран ауданының «Құмтүйін» жалпы білім беретін мектебінде ерекше салтанатты шара өтті. Көп жылдық еңбек өтілі бар қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Туленова Гүлзада, химия пәнінің мұғалімі Иманбаева Назира, кіші қызметкерлер Сарсенбаева Замира мен Бименова Қалдыгыз ханымдар зейнеткерлікке шығарып салды. Бұл шара білім саласында ұзақ жылдар бойы жоғары кәсібилікпен қызмет етіп, жастардың болашағын қалыптастырған ұстаздар мен қызметкерлерге деген құрмет пен алғыс білдірудің бір көрінісі болды. Бұл туралы Түркістан облыстық білім кәсіподағының баспасөз қызметі хабарлады.
Салтанатты шарада Сауран ауданы салалық кәсіподақ комитетінің төрағасы Жұмағали мырза сөз сөйлеп, ұстаздардың еңбегін жоғары бағалап, олардың білім саласындағы маңызды рөлін атап өтті. Ол өзінің жылы лебіздерін білдіріп, білім жолында адал қызмет еткен бұл тұлғалардың өскелең ұрпақтың қалыптасуына қосқан үлестерін ерекше бағалады. Сондай-ақ, Жұмағали мырза әрқайсысына құттықтау хаты мен сыйлықтарын табыстап, жаңа өмір кезеңдеріне табысты қадам басуларын тіледі.
Бұл шара ұстаздардың еңбегін құрметтеу, олардың жас ұрпаққа білім беру жолындағы қажырлы еңбектерін бағалау, сондай-ақ олардың ерен еңбектерінің қоғам үшін маңыздылығын көрсету мақсатында ұйымдастырылды. Әрбір ұстаз өз ісіне деген адалдығы мен шеберлігінің арқасында талай шәкірттің жүрегінен орын тапты, өз ісінің нағыз шебері болып қалды.
Сауран ауданы салалық кәсіподақ комитеті бұл игі іс-шараны жүзеге асырып, зейнеткерлікке шыққан ұстаздарға ерекше құрмет көрсетіп, олардың қажырлы еңбегін ұмытпай, алдағы уақытта да білім саласының дамуына үлес қосуда аянбай жұмыс істейтін болады деп сенеміз.
Ұстаздарымызға зейнеттік өмірде сәттілік, қуаныш және жаңа жетістіктер тілейміз!