«AMANAT» партиясының «Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында Мәдениет және өнер қызметкерлерінің мерекесіне орай Арыс қалалық мәдениет үйінде «Үздік жас мәдениет қызметкері-2025» байқауы өтті. Бұл туралы «AMANAT» партиясының Арыс қалалық филиалы хабарлады.
Іс-шараның мақсаты мәдениет қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру, өнерін шыңдау, шығармашылығын дамыту.
Аталған шараға «AMANAT» партиясы Арыс қалалық филиалының төрағасы Бақтығали Ділдәбеков қатысып, барша мәдениет саласының қызметкерлерін мерекемен құттықтап, арнайы сөз сөйледі.
Байқауға 18-35 жас аралығындағы 10-ға жуық мәдениет қызметкері қатысып, өз қарым қабілеттерін танытып, халыққа мәдени қызмет көрсетудің жаңа әдіс тәсілдерін көрсетті. Бірнеше кезеңде сынға түскен үміткерлерге қазылар алқасының шешімімен жүлделер тағайындалды.
Барлық қатысушыларға ұйымдастыру алқасымен «AMANAT» партиясының арнайы дипломдары және бағалы сыйлықтар табысталды.