Кентау қаласы, Байылдыр ауылында Nº48 дауыс беру учаскесіне Кентау қалалық келіндер сайысының жеңімпазы, ауылдың үлгілі келіні Динара Оралова өз отбасымен келіп, бүгінгі референдумда өз таңдауларын жасады, деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
«Әрбір азаматтың ел болашағына бей-жай қарамай, өз таңдауын жасап, дауыс беруі – үлкен жауапкершілік деп ойлаймын. Мен де осы жауапкершілікті терең сезініп, референдумға өз отбасыммен келіп таңдау жасадым. Себебі әрбір дауыс – мемлекетіміздің ертеңгі дамуына қосылған үлес. «Үздік келін – 2025» байқауының жеңімпазы ретінде қоғамдағы белсенділік пен азаматтық ұстанымның маңызын жақсы түсінемін. Келін тек бір әулеттің ғана емес, бүкіл қоғамның тәрбиелік құндылықтарын насихаттайтын тұлға деп есептеймін. Сондықтан бүгінгі таңда ел болашағына қатысты маңызды шешімдер қабылданатын сәтте шетте қалмай, өз азаматтық борышымды орындау – мен үшін үлкен мәртебе. Барша қазақстандықтарды да белсенді болуға, өз таңдауларын жасауға шақырамын» — деді қала тұрғыны.
Айта кетейік, Кентау қаласында 35 референдум учаскесі өз жұмысын бастады. Қалада 56 099 азамат дауыс беру құқығына ие.

