Созақ аудандық білім бөлімі және аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен 2025 жылғы 20 мамыр күні Созақ аудандық білім бөліміне қарасты білім беру мекемелеріндегі келісу комиссияларының мүшелеріне «Білім беру ұйымдарында еңбек заңнамасының сақталуы», «Еңбек даулары және оларды шешу жолдары. Келісу комиссиясының жұмысын ұйымдастыру» тақырыптары бойынша оқыту семинары болып өтті. Бұл туралы Созақ аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Семинарды Созақ аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы Қасым Манас Сейдахметұлы жүргізіп отырды. Оқыту семинарына Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының төрағасы Еркінбек Бақыт Сейтжаппарұлы, бөлім басшысы – заңгер Ақбердиев Ғабит Кеңесұлы, Созақ аудандық білім бөлімінің басшысы Өтебаев Абай Шәріпбекұлы және білім беру мекемелерінің басшылары, келісу комиссияларының мүшелері мен бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары қатысты.
Б.Еркінбек семинарға қатысушыларға мекемелердегі келісу комиссияларының маңызы мен жауапты миссиясы жайлы айтып өтті. Ғ.Ақбердиев тақырыпқа байланысты лекция оқып, сұрақтарға жауап берді.
Аудандық білім бөлімінің басшысы А.Өтебаев келісу комиссиясының маңыздылығы туралы айтып, өзінің ой-пікірін ортаға салды.
Семинарға қатысушылар тақырыптар бойынша баяндама жасаушыларға қосымша сұрақтар қойып, өздеріне қажетті мәліметтерге ие болды. Қатысушыларға облыстық кәсіподақ комитеті тарапынан сертификаттар, үздік кәсіподақ мүшелеріне марапаттар табыс етілді.