«ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ БАСТЫ НЕГІЗ БОЛЫП ҚАЛА БЕРЕДІ

Пробация есебінде тұрған азаматтарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Құқық қорғау органдарының азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті сақтау бағытындағы қызметінде «Заң және тәртіп» қағидаты басты негіз болып қала береді.

Осы орайда Сайрам аудандық полиция басқармасының қызметкерлері Отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында қылмысын өтеп шыққан азаматтардың үйіне пробация қызметкерлерімен бірге профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Шара барысында көші-қон заңнамасының сақталуына, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға, сондай-ақ іздеуде жүрген немесе әкімшілік бақылаудағы тұлғаларды анықтауға ерекше көңіл бөлінді.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды