ЗАҢ МЕН ТӘРТІПТІ САҚТАУ ӘР АЗАМАТТЫҢ ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірі 2025 жылды «Профилактика жылы» деп жариялаған. Осыған орай Бәйдібек аудандық полиция бөлімінің бастығы  Нұрдаулет Ажибеков  бастауымен және Бәйдібек ауданы әкімінің орынбасары Нұрпейіс Ақбаевтың қолдауымен челендж ұйымдастырылды. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Заң және тәртіп» қағидасын іске асыру мақсатында өткізілген шараға аудан жастарымен Бәйдібек ауданы мемлекеттік мекемелері қызметкерлері қатысты. Олар заң мен тәртіпті сақтау тек мемлекетке жүктелген міндет емес, ол әр азаматтың ортақ жауапкершілігі екенін жеткізді.

Сондай-ақ қоғамның дамуына және қауіпсіздігіне үлес қоса отырып, әр азаматтың заңды құрметтеуі мен тәртіпті сақтауына үлгі болатындарын да атап өтті. Бәйдібек аудандық полиция қызметкерлері челленджді ары қарай жалғастырып ұйымдастыру үшін Сайрам аудандық полиция бөліміне жолдады.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды