ЗАҢГЕРЛЕР ЖАН-ЖАҚТЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУДЕ

Бүгін еліміздің барлық өңірінде өткен «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы Сауран ауданында да ұйымдастырылып, тұрғындар үшін кең көлемді қабылдау өткізілді. Іс-шара Сауран ауданы әкім аппаратының басшысы Бекзат Абубакировтың төрағалығымен Ескі Иқан ауылдық округіндегі Мәдениет үйінде өтті. Бұл туралы Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Акцияға аудан прокуроры Алмаз Асылбеков, «AMANAT» партиясы Сауран аудандық филиалының төрағасы Сағынбек Асылбеков, сондай-ақ аумақтық және құқық қорғау органдарының басшылары, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары мен адвокаттар қатысты.

Қабылдау барысында тұрғындар неке және отбасы, мұрагерлік, тұрғын үй құқықтары, қылмыстық және азаматтық іс жүргізу, еңбек қатынастары, әкімшілік құқық бұзушылықтар, сот актілерін орындау, денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу және өзге де салаларға қатысты сұрақтарына кәсіби құқықтық кеңес алды.

– Жобаның негізгі мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң нормаларын дұрыс түсіндіру және олардың біркелкі қолданылуын қамтамасыз ету. Осы бағытта азаматтардың өтініштеріне заңгерлер жан-жақты құқықтық көмек көрсетуде. Акцияның басты міндеті – халыққа қолжетімді әрі түсінікті құқықтық кеңес беру, – деді аудан прокуроры Алмаз Асылбеков.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды